Бұл туралы өңірлік қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының штаттан тыс бас эпидемиологы Марал Қадыр айтты.
«Коронавирус немесе вирустық пневмониямен ауырған адамдардың күн салқындағанда өкпе қабынулары қайта асқынуы мүмкін. Бұл науқастармен бұған дейін физиотерапия бөлімінің мамандары жұмыс жасады. Яғни, олар үйреткен тыныс алу жаттығуларын тұрақты жасап тұрулары қажет. Бүгінгі таңда орталық ауруханада 40 төсектік оңалту бөлімі жұмыс істеп тұр. Мүмкіндігінше емханалар арқылы порталмен сол бөлімге түсіп, емделуге де болады. Ол жерде емдік шаралардан бөлек тыныс алу жаттығуларын дұрыс жасау жолдары үйретіледі», - деді ол.
Брифингте аймақтың қазіргі эпидемиологиялық жағдайы да айтылды. Облыстық штаттан ты бас эпидемиологының айтуынша, күзгі маусымда барлық вирустық инфекциялардеңгейінің көтерілгені байқалады.
«Өзіңіз білетіндей, коронавирустың бірінші толқыны биыл наурыз айынан шілде айының соңына дейін созылды. Мұнан соң тамыз-қыркүйек айлары үзіліс тапқан болатын. Шамамен 20 қыркүйектен бастап аймақта зертханалық жолмен дәлелденген коронавирустық инфекциялар тіркеле бастады. Мәселен, қыркүйекте 5 науқас тіркелсе, одан бері 33 адам дерт жұқтырған. Яғни, бүгінгі күні 38 адамнан ковид белгісіз зертханалық жолмен дәлелденіп отыр. Ал пневмония ауруына келетін болсақ, мұнда ешқандай үзіліс болған жоқ. Бұл аурудың екінші толқынында, атап айтсақ тамыз айында 68, қыркүйекте 94, қазан айының басынан бүгінге дейін 48 адамнан анықталды. Сонда барлығы 210 науқас тіркеліп отыр» - дейді ол.
Өңірде 70 мыңға тарта адамның тұмауға қарсы егілуге тиісті тәуекел топқа жатқызылғандың 98 пайызын құрайтынын айтты.
«Жұқпалы тыныс ауруларының 200-ге тарта түрі бар. Жыл сайын қыркүйек-қазан айлары осыған дайындық жұмыстары жүреді. Биыл да тымауға шалдығудың алдын алу шаралары тамыз айынан бастап жүрді. Оның ішінде тәуелкел топ өкілдерін алдын алаегумен қамтамасыз етуге айрықша мән берілді. Жалпы бұл топқа - жиі ауыратын адамдар, иммунитеті әлсіз азаматтар, жас балалар, созылмалы сырқатпен есепке тұрғандар, жүкті әйелдер мен жасы 60-тан асқан тұрғындар кіреді» - дейді М.Қадыр.
Бұл брифингке облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінің жетекшісі Шайахмадин Камиұлы да қатысты.
Оның айтуынша, күні кеше Ақтауда іске қосылған модульды орталық 200 орындық. Оның ішінде жансақтау бөліміндегі 20 кереует өкпені жасанды желдету аппаратымен жабдықталған. Жалпы модульды орталық 8 блоктан тұрады. Мұндағы қабылдау бөліміне КТ, цифрлық рентген құралы, УЗИ және ЭКГ аппараттары қойылған. Сондай-ақ сырқаттарды қабылдайтын 5 боксталған қабылдау бөлімшелерімен қамтылған. Олардың әрқайсында бір бригададан жұмыс істейді.
«Айта кетейік, модульды орталықта оттегі жеке-жеке тарату жүйесі арқылы әр науқасқа беріледі. Яғни, орталықтағы 200 кереуеттің барлығы бірдей осындай мүмкіндікке ие. Желдету жүйесі арқылы тазартылған ауа әр науқасқа жекелей беріледі. Сондай-ақ палатадан шығатын ауаны бактерицидтік жүйе де бар» - дейді Ш.Камиұлы.