Маңғыстауда 19 қазандағы жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 54 адам ем қабылдап жатыр.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол 54 науқастың ішінде 2-де коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен. Оның ішінде 52-сі коронавирустық пневмония диагнозымен ем қабылдап жатыр. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде 3 науқас жатыр. Оның 2-нің жағдайы ауыр, тағы 1 науқас өте ауыр халде деп бағаланып отыр. Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулары себеп болып отыр.
Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 25 пайызды құрайды. Облыс көлемінде 215 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 43.
Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.