Ақтау қаласы әкімінің орынбасары С. Гусман 2 шағынаудан бойынша абаттандыру жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Бүгінде аталған шағынауданда 2 жаңа спорт алаңының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ал, 9 балалар ойын алаңының құрылысы үшін бетон құю жұмыстары басталған. Одан бөлек, жоспарланған 8302 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолының 60%, 42 900 шаршы метр автокөлік жолының 50% орындалған.
С.Гусман “Ақжол +К” ЖШС өкіліне шағынаудандағы тұрғындар үшін атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы және уақытылы жүргізілуін тапсырды.
Бұл абаттандыру жұмыстары жылдың соңына дейін аяқталмақ.