15 қазан күні жылыту маусымы басталады. Осыған орай, қала әкімдігінің өкілдерінен, мемлекеттік және жеке меншік мекемелерімен бірлесіп құрылған комиссия өз жұмысын жалғастырып жатыр.
Жұмыс тобы үйлердің жылыту маусымына дайындығын және барлық пәтер иелерінің тұрғын үй заңнамасы талаптарының сақталуына мониторинг жүргізуде. Жұмыс тобы пәтер иелері кооперативіне ескертпелер беруде. Осы аптада 4, 5-ші шағынаудандағы үйлер қаралды, делінген Ақтау қаласының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.