Жаңаөзенде 1952 жылы туған адам коронавирустан қайтыс болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ол өзін әлсіз сезінген соң, дене қызуы көтеріліп дәрігерлерге хабарласқан. Зейнеткер 8 маусым күні ауруханаға түседі. 12 күн бойы дәрігерлер науқастың өмірін аман алып қалу үшін күресті. Арнайы комиссия мүшелері марқұмның Covid-19-дан қайтыс болғанын растады, деілінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.
Биыл пандемия басталғалы 3 айдың ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 60 адам Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасында емделіп шықты. Олардың басым бөлігі Жаңаөзен қаласының тұрғындары, арасында Қарақия ауданының азаматтары да бар.
21.06.2020 ж. жағдай бойынша Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының инфекциялық госпиталінде 9 науқас коронавирустан емделіп жатыр. Дәрігерлердің мәліметі бойынша екеуінің жағдайы ауыр, 7 науқастың жағдайы орташа ауыр.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны 3-ке жетті.