Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам тіркелді, деп хабарлайды МО ҚКО.
Бірінші науқас - 1967 жылғы әйел адам, Ақтау қаласының тұрғыны. КВИ індетін жұқтырған адамдармен байланыста болған.
Екінші науқас - 1984 жылғы ер адам, Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Вирус скрининг кезінде анықталды.
Үшінші науқас - 1964 жылғы әйел адам, Маңғыстау ауданының тұрғыны. Вирус скрининг кезінде анықталды.
Науқастар жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Қазіргі таңда бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
18.06.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 404 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 112;
Жаңаөзенде – 37;
Маңғыстау ауданында – 16;
Мұнайлы ауданында – 27;
Қарақия ауданы – 47;
Бейнеу ауданында - 155;
Түпқараған ауданында - 10;
Жазылып шыққаны – 271;
Қайтыс болған – 2.