Бұл сұраққа Маңғыстау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.
«Эпидемиологиялық жағдай одан әрі қадағаланатын болады. Егер коронавируспен ауырған адамның жағажайға барғаны анықталса, міндетті түрде қала тұрғындарының демалыс орындары бойынша шектеу шаралары қабылданады. Біздің білуімізше, атқарушы билік демалушылар үшін жағдай жасап, тегін жағажайларды көп ашу үшін жұмыс істеп жатыр», делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Ақтауда карантин кезінде қаладағы жағажайларда топталып жүрген халықтың суреттері мен видеолары әлеуметтік желілерде кең тарап кеткен болатын.