Биыл 10 ақпанда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаев пен ҚР Қорғаныс министрі Н.Ермекбаев арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету сұрақтары бойынша өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылған еді.
Осы меморандумды жүзеге асыру мақсатында Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Серік Қаныбеков ҚР Қорғаныс министрлігі Ақтау гарнизонының әскери полиция бөлімінің басшысы С.Аульбеков пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша аға офицері М.Лесевпен жұмыстық кездесу өткізді. Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимыл жоспарының жобасы талқыланып, пысықталды.
Ноян ЖОЯМЕРГЕН