Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы дәстүрлі түрде өткізетін байқау биыл да жалғасын тапты. Ал жеңімпаздарды құттықтау «Zoom» бағдарламасы арқылы онлайн жүргізілді. Бұл туралы Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Байқаудың мақсаты білім беру ұйымдарында психологиялық, эмоциялық күйді, интеллектуалды және еңбек ету тәрбиесін қамтамасыз ету, балалардың экологиялық тәрбиесі үшін мектепке дейінгі балабақшаларда және топ ішіндегі жағдайды жасау. Сонымен қатар ата-аналар арасында экологиялық білімді насихаттау болып табылады.
Биыл елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты барлық елді мекендердегі мектептермен балабақшалардға бару мүмкіндігі болмады. Сол себепті комиссия мүшелері аталған конкурстар бойынша құжаттарды электронды форматта қарап шықты және іріктеп ең үздік деген мектептер мен балабақшаларға баға беріп, қорытындысын шығарды.
Маңғыстау облысының жалпы білім беру мектептері арасында «Табиғатпен үндес мектеп» байқауы бойынша І дәрежелі диплом және 400 000 теңге сыйақысымен Мұнайлы ауданы № 8 жалпы білім беру орта мектебі марапатталады. ІІ дәрежелі диплом және 300 000 теңге Жаңаөзен қаласындағы № 22 орта мектебіне берілді. ІІІ дәрежелі диплом және 200 000 теңгемен Маңғыстау ауданы «Өтес» орта мектебі марапатталды. Осы байқауға жақсы дайындықпен қатысқаны үшін алғыс хаттарымен және 60 000 теңге сыйақысымен Мұнайлы ауданы № 6 орта мектебі, Қарақия ауданы «Қарақұдық» мектебі және № 3 орта мектебі марапатталады.
Ал Маңғыстау облысының мектепке дейінгі мекемелері арасында «Табиғатпен үндес балабақша» байқауы бойынша І дәрежелі диплом және 300 000 теңге сыйақысымен Бейнеу ауданы «Боранқұл» бөбекжайы» марапатталса, ІІ дәрежелі диплом және 250 000 теңге сыйақысымен Мұнайлы ауданы№ 7 «Айналайын» балабақшасы, ал ІІІ дәрежелі диплом және 200 000 теңге сыйақысымен Жаңаөзен қаласы «Арай» бөбекжай-бақшасы марапатталады. Сондай-ақ, осы байқауға белсендіқатысқаны үшін алғыс хаттар мен 60 000 теңге сыйақыАқтау қаласы№ 4 «Аққу» балабақшасы, Маңғыстау ауданы«Айналайын» балабақшасы және Қарақия ауданы «Ғарышкер» балабақшасына берілді.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаған Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дүйсен Құсбеков, 5 маусым Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнімен құттықтай отырып, экологиялық мәселелерге үлкен жауапкершілікпен қарауды өзінің парызы санап жүрген білім беру ордаланының ұстаздары мен оқушыларына алғысын жеткізді.