Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жанындағы Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті.
Іс-шараның бастамашылары белгілі қазақстандық журналистер мен блогерлер – Қоғамдық кеңес мүшелері болды. Отырыс барысында Қор басшысы Айбатыр Жұмағұлов бүгінгі күні жұртшылықты толғандыратын сұрақтарға жауап берді: ӘМСҚ қаражаты қалай жұмсалуда; эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын барлық медицина қызметкерлері неге үстеме ақы ала алмайды; КВИ-ға ПТР-тестілеуден неге барлық сақтандырылған адамдар өте алмайды.
«Біз халықты ақпараттандыру және пациенттерден кері байланыс алу бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізудеміз. Осы мақсатта Қор жанынан сапалы медициналық қызмет көрсетуге қатысты өзекті мәселелерді көтеруге арналған Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамында қордың жұмысын әділ бағалайтын әртүрлі салалардың тәуелсіз сарапшылары бар. Бүгінгі отырыс осыны растайды», – деп атап өтті Айбатыр Жұмағұлов.
Бұдан басқа, отырыста коронавирусты тарату кезеңінде медициналық ұйымдарды қолдау бойынша ӘМСҚ-ның дағдарысқа қарсы шаралары қаралды.
ӘМСҚ Басқарма Төрағасы «Қор коронавирустың таралуын болдырмау және одан әрі қаржыландыру тактикасын анықтау жөніндегі іс-шараларға байланысты таяу екі айда медициналық қызметтерді жеткізушілердің қаржылық тұрақтылығын анықтау үшін талдау жүргізді. Біз медициналық ұйымдарды тұрақты қаржыландыруды және азаматтардың медициналық қызметтерді тұрақты алуын қамтамасыз ету үшін бірқатар белсенді дағдарысқа қарсы шараларды іске асырудамыз», – деді.
Үкіметтің қаулысымен COVID-19 алдын алу жөніндегі іс-шараларға республикалық бюджет қаражаты Қор арқылы жүргізілді, өйткені медициналық қызметтерге ақы төлеудің пысықталған тетігі болды. Жалпы эпидемияға қарсы іс-шараларға 55,9 млрд теңге қарастырылған. Бұдан басқа, КВИ бойынша қосымша іс-шараларға 23,4 млрд теңге бөлінді.
Қоғамдық кеңес мүшелері бірқатар мәселелерді көтерді. «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ Басқарма төрағасы Абай Байгенжин Қордың жұмысын атап өтті.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тек алғашқы қадамдар жасағанын ескере отырып, осындай қысқа уақыт ішінде оң нәтижелерге қол жеткізді деп ойлаймын. Қазақтарда: «Көш жүре түзеледі» деген сөз бар, яғни керуен өз жолында крейсерлік жылдамдыққа ие. Мен Қорға осы жолда табыс тілеймін. Біздің Қоғамдық кеңес мүшелері ретінде қосылғанымыз, баршамызға ӘМСҚ-ның дұрыс және үдемелі бағыт бойынша жүретініне сенімді болуға мүмкіндік береді», – деді медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Абай Байгенжин.
Отырыс қорытындысы бойынша кеңес ӘМСҚ жұмысына оң баға берді және оның медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.
Айта кетейік, Қоғамдық кеңестің құрамына денсаулық сақтау саласының сарапшылары Мақсұт Құлжанов, Абай Байгенжин, Юрий Пя, Нұрлан Батпенов, Серік Ақшолақов, сондай-ақ саясаттанушылар, экономистер, қоғамдық пікір көшбасшылары мен журналистер Айдос Сарым, Игорь Шахнович, Игорь Неволин, Расул Рысмамбетов, Расул Жұмалы, Марат Қайырбеков, Андрей Чеботарев және басқалар кірді.
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" Маңғыстау филиалы