Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 4 адам тіркелді.
Бірінші науқас - 2002 жылы туған ер адам, Бейнеу ауданының тұрғыны. Одан вирус дәрігерге көрінуге барған кезде анықталған.
Екінші науқас - 1976 жылы туған әйел адам, Бейнеу ауданының тұрғыны. Одан вирус дәрігерге көрінуге барған кезде анықталған.
Үшінші науқас - 1995 жылы туған ер адам, Қарақия ауданының тұрғыны. Ол бұрын індет жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған.
Төртінші науқас - 1981 жылы туған әйел адам, Түпқараған ауданының тұрғыны. Ол бұрын індет жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған.
Қазіргі таңда бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
27.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 176 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 36;
Жаңаөзенде – 25;
Маңғыстау ауданында – 7;
Мұнайлы ауданында – 5;
Қарақия ауданы – 32;
Бейнеу ауданында - 69;
Түпқараған ауданында - 2;
Жазылып шыққаны – 111;
Қайтыс болған – 1.