Бүгін 150 826 маңғыстаулық оқушы үшін соңғы қоңырау шарасы онлайн режимде өтті. 1 мен 10-сынып оқушылары үйінде отырып, әлеуметтік желілер арқылы өткізілген сынып сағаттарына қатысты. Бұл шараға аймақтың танымал тұлғалары, үздік түлектері мен бизнес өкілдері де атсалысты.
Жуырда ғана өңірлік қоғамдық коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы А.Сейдалиев соңғы қоңырау іс-шарасы жөнінде жан-жақты мағлұмат берді.
Оның мәліметіне сүйенсек, биыл 6 365 оқушы мектеп бітіреді. Оның ішінде 5 931-і күндізгі мектептің, 434-і кешкі мектептің түлектері. Пандемия жағдайына байланысты биыл 9 және 11сынып бітіруші түлектеріне арналған қорытынды аттестаттау өткізілмейді. Мектеп бітіргендігі туралы аттестаттарға 4 тоқсанның жылдық бағалары қойылады.
11-сыныпта 205 оқушы «Алтын белгіге», 329 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.
Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы «Біргеміз: ТҮЛЕК–2020» тақырыбындағы мектеп бітіру іс-шарасының тұжырымдамасына сәйкес 25 мамыр күні «Сәт сапар, жас түлек!», «Ұстаздарға мың алғыс», «Мектеп – білім ордасы», «Көңілді жазғы демалыс» тақырыбында білім мәселелеріне арналған сюжеттік желі ұйымдастырылады. 1–10-сыныптарға соңғы қоңырауға арналған онлайн-сынып сағаты өткізіледі. Оған қамқоршылық кеңестердің мүшелерін, аймақтың танымал тұлғаларын, еліміздің және әлемнің үздік университеттерінде білім алып жатқан жетістікке жеткен мектеп түлектерін, бизнес өкілдерін және мемлекеттік қызметшілерін қонақ ретінде шақырады.
Мектептерде соңғы қоңырауды өткізу барысында сақтық шаралары қатаң сақталады.
Сондай-ақ биыл мерекелік мектеп бітіру кештерін өткізуге жол берілмейді, атап айтқанда:
Бұл бойынша аудандық, қалалық білім бөлімдеріне басқарма тарапынан нақты тапсырмалар берілген.
Голрох ЖЕМЕНЕЙ