Өңірге қажетті дәрігерлер мен мұғалімдердің тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында облыс әкімдігі мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арасында келісім жасалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қазіргі таңда мамандар үшін Ақтау қаласының 34 шағын ауданынан 58 пәтер қарастырылып отыр. Бүгінгі күні білім саласының 17 қызметкері, денсаулық сақтау саласының 10 қызметкері пәтер алды.