31 наурыздан бастап Ақтау әуежайында барлық ішкі әуе рейсі уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау халықаралық әуежайының директоры Ерғазы Жолдасов мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
30 наурыз күні Ақтаудан Атырау мен Ақтөбеге ұшқан жолаушылар ұшағы бір айға дейін уақытша тоқтатылды. Ертең ел ішіне ұшатын соңғы «Ақтау-Көкшетау-Ақтау» әуе рейсі орындалды.
«Үкіметтік комиссияның қаулысы бойынша енді тек жүк тасымалдайтын ұшақтарды қабылдай аламыз және әскери ұшақтар ұшуы мүмкін. Олар мемлекеттің тапсырмасымен ұшады», - деді Ақтау халықаралық әуежайының директоры Ерғазы Жолдасов.
Оның айтуынша, барлық ұшақ жолаушыларын арнайы киім киген эпидемиолог мамандар қарсы алып, тепловизормен тексеріледі. Жолаушылардың тізімі алынып, оның қайдан, қашан отырғаны жазылып алынды.
Айта кетейік, 27 наурыз күні Ақтау әуежайында барлық халықаралық әуе рейстері тоқтатылған болатын.
Ж.ҚАЛИЕВА