Бұл туралы бүгін қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Сағынбаев айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
1974 жылы туған ер адам, Орал қаласының тұрғыны бүгін таңғы 5.30-да Ыстамбул-Ақтау рейсімен ұшып келген.
ОРВИ-дің белгілері болуына байланысты анализдері алынып, бірден карантинге (арнайы боксқа) жатқызылды. Вирус жұқтырған азаматқа инфекциялық госпительде эпидемиологиялық шаралар жүргізіліп жатыр. Онымен бірге ұшып келген 74 адамның барлығы оқшауланып, карантинге алынды. Қазіргі уақытта пациенттің жалпы жағдайы қалыпты, температурасы тиісті деңгейде. Ол өзін жақсы сезінеді, - деді Әнуар Сағынбаев.
Айта кетейік, коронавирусты жұқтырған науқас Ақтау қаласының тұрғындарымен ешқандай қарым-қатынаста болмаған. Тек борт серіктермен және ұшқыштармен байланыста болғаны белгілі. Олар да түгел карантинге алынған.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ