Өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылады
[ 2020 ] 28 наурыз, 19:11 | Маңғыстау жаңалықтары
Бұл туралы облыстық ақпараттық қызмет хабарлады.
Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын таратпау мақсатында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е. Садымановтың қаулысымен өңірде 2020 жылдың 30 наурызынан бастап мынадай шектеу шаралары енгізілді:
- Ақтау-Жаңаөзен-Ақтау, Ақтау-Тұщықұдық-Шебір-Ақтау, Ақтау-Ақшұқыр-Ақтау, Ақтау-С.Шапағатов-Ақтау, Шетпе-Жаңаөзен-Шетпе, Бейнеу-Атырау-Бейнеу, Боранқұл-Құлсары-Боранқұл бағыттарындағы қалааралық автомаршрут қозғалыстарына;
- Адамдармен жақын байланысатын интернет және ойын клубтары мен өзге де халыққа қызмет көрсететін орындарға;
- 657/658 "Маңғыстау-Бейнеу" бағытындағы пойызының жүруіне.
1549
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.