Таңғы сағат 09:00- ден бастап, арнайы даярлықтан өткен Қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелерінің әскерилері халық көп жүретін маңызды орындарды дезинфекциялап жатыр. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімдігіне сілтеме жасап mangystaumedia.kz сайты хабарлайды.
Залалсыздандыру жұмыстары "Ақтау" ойын-сауық кешенінен басталып, "Аман" сауда орталығында жалғасты. Бұдан әрі, 26 ш/а емхана және 28 ш/а автовокзал аумағы дезинфекциаланатын болады.
Арнайы жеке қорғаныс киімдерін киген әскери қызметшілер арнайы жуу құралдары мен «Рубеж» дезинфекциялық ертіндісі бар жеке газсыздандыру жинақтарын пайдаланады. Ерітінділер адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз.
Жүргізіліп жатқан залалсыздандыру жұмыстарына тұрғындар түсіністікпен қарап, қолдау көрсетуде.
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН