Маңғыстау облысы бойынша партияның филиалдары «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» жобалары бойынша «Nur Otan» партиясының Төрағасы, Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен «Біз біргеміз!» акциясына ерекше белсенділік танытып келеді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық, қалалық және аудандық филиалдар, облыстық «Jas Otan» жастар қанаты, партия белсенділері, кәсіпкерлер және еріктілер #BizBirgemiz акциясына атсалысып, күнделікті жалғастыруда.
⠀
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, аталмыш акцияға «КазАзот» ЖШС, «Каспий жылу,су арнасы» коммуналдық мекемесі, «МАЭК Казатомпром» ЖШС, «СЭЗ Морпорт Актау» АҚ мекемелері,жекелеген сауда орталықтарқтары «Аман», «Дана» және облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция мүшелері Мереке Дүйсенбаев, Ахмет Салманов, Оспан Қазақбаев, Әбдірахман Қуанышбек, Аббат Өрісбаев т.б қолдау көрсетіп жатыр.
Осылайша соңғы бір аптада облыс бойынша барлығы 580 отбасыға көмек берілді. Берілетін көмекке гигиеналық заттар, азық-түлік, медициналық маска және өзге де қажетті заттар енгізілді. Акция демалыс күндері де жалғасын тауып, әлі де тұрғындарға қажетті көмек көрсетіліп жатыр.
Сонымен қатар, #BizBirgemiz акциясы аясында партия белсенділері Ұлыстың Ұлы күні – наурыз мерекесі қарсаңындағы облыстағы медицина қызметкерлерін құттықтады. Бұл игі іс-шараға ат салысқан «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Звира Есбергенова:
- Біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партияластарды, қоғам белсенділерін шақырып, бірге жұмылдырып #BizBirgemiz акциясын іске асыруды тапсырған болатын. Қазіргі ауыр жағдайда алғы шепте тұрған жедел жәрдем қызметкерлеріне, жұқпалы ауруларды емдейтін дәрігерлерге құрмет көрсету ең маңызды миссиялардың бірі, - деді.
«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Елубай Әбілов:
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде «Қазір бәріміз күрделі ахуалды бастан өткеріп жатырмыз. Осы орайда, билік органдарына зор жауапкершілік жүктеледі. Мұны естен шығармауымыз керек. Бұл міндетті баршамыз абыроймен атқаруымыз қажет. Вирустың таралу жылдамдығы бәсеңдемей отыр» деген болатын. Коронавирусқа шалдыққандардың саны артуына байланысты төтенше жағдайлар ережесін сақтап, той-садақаға барудан бас тартып, санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң сақтауға шақырамын. Сонымен қатар, жастарды партияның еріктілері қатарына қосылуға шақырамын, - деді.