“Өзенмұнайгаз” АҚ қызметкерлері Қазақстан халқына ерекше видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа!
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа!
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа!
Энергетика Министрі Алмасадам Сатқалиевке!
«Самұрық Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жакуповке!
«Қазмұнайгаз» ҰК АҚ басшысы Мағзұм Мырзағалиевке!
Және барша Қазақстандықтарға!
Біз, Жаңаөзен қаласынан, "Өзенмұнайгаз" Акционерлік Қоғамының бір топ жұмысшылары, ұжымы әлемде болып жатқан келеңсіз жағдайларды ескере отырып, мұнайшылардың болашағына алаңдай отырып, қазақ даласындағы тыныштық пен тұрақтылықты тілей отырып, әр шаңырақтың берекеті мен несібесіне тілекші бола отырып, ата-бабамыздың аманат қылып қалдырған сары даласын көзіміздің қарашығындай сақтау керектігін ескере отырып, халқымызды ауызбіршілік пен ымыраға шақыра отырып, Тәуелсіздігімізге тәубе ете отырып, барша қазақстандықтарды келе жатқан жаңа 2024-ші жылмен шын жүректен құттықтаймыз», делінген видеоүндеуде.