Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің ұйымдастыруымен заңсыз тасталған қоқыс үйінділері тазаланды. Тазалық жұмыстары барысында заңсыз тасталған 25 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жұмыстарға 13 арнайы техника мен 10 қызметкер жұмылдырылды. Заңсыз тасталған қоқыс үйінділерін тазалау жұмыстары мына мекен-жайлар бойынша жүргізілді:
-Өндірістік аймақ - 3
-Өндірістік аймақ - 3, 45
-Өндірістік аймақ - 3, «Авто бипэк» маңы
-Өндірістік аймақ - 3,23
-«Үлкен Оймаша» маңы
-«ПК Урожай» маңы
-Заңсыз тасталған қоқыс үйіндісін тазалау барысында 25 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Заңсыз қоқыс тастаған азаматтарға әкімшілік шара қарастырылған. Заң бұзушылық анықталған жағдайда ҚР Әкімшілік және құқық бұзушылық кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылады. Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі қала тұрғындарынан заңсыз әрекеттерге бармауды және үлкен қоқыстарды қаладан 25 шақырым жерде орналасқан полигонға шығаруды сұрайды, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Бахтияр Мақсатов.