Әлеуметтік желіде маңғыстаулық тұрғын садақаға жайылатын дастарханның қандай болуы керек екенін айтып видео жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
– Садақаға аста-төк дастархан жаюдың қажеті жоқ. Қазір садақаларда үстелді түрлі салат пен жеміс-жидекке, тәттілерге толтыратын болған. Ал мына дастарханда бауырсақ пен шайға тіскебасар ғана бар. Сондықтан Жаңаөзен мен Ақтаудың тұрғындары осыдан үлгі алуы керек. Әйтпесе садақаларда дастарханды той жасағандай жаятын болған. Адам қайтыс болғанда оның отбасының қалай өмір сүретіні сыналмайды. Аста-төк дастархан жасай алатын жағдайы болса да, соңғы сапарға шығарып саларда оның қажеті жоқ, - деді видео авторы.