Ақтаулықтар "Приморский" тұрғын массиві теңіз жағалауындағы бос металл контейнердің не үшін тұрғанына таңданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Приморскийдағы бос конейтнер не үшін тұр? Әлде оның атқаратын қандай да бір қызметі бар ма?,- дейді желі қолданушысы Маңғыстау облысы әкімдігінің телеграм-арнасында.
Қалалық әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, контейнер маусымдық кәсіпке, яғни балмұздақ пен алкогольсіз сусындарды сататын сауда нүктесіне айналуы тиіс еді.
- Кәсіпкерге балмұздақ пен алкогольсіз сусындарды маусымдық сатуға рұқсат берілді. Алайда кәсіпкер жергілікті атқарушы органмен келіспей, талаптарға сай келмейтін контейнер орнатты. Әкімдік кәсіпкерге кемшіліктерді жою үшін ескерту жасады. Жоғарыда айтылған кемшіліктер қалыпқа келтірілмесе заңнамаға сәйкес тәркілеу жөнінде шаралар қабылданады,- деді «Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы» ММ өкілдері.