“Қазмұнайгаз” ҰК АҚ “Өзенмұнайгаз” компаниясының тарихынан сыр шертетін суреттермен бөлісті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Суреттерден даңқты мұнайшы Ғазиз Әбдіразақовты, Өзен кен орнында алғашқы мұнай фонтанын тапқан Михаил Кулебякиннің бригадасын, атқылаған мұнай ұңғымасы мен Маңғыстаудың атақты мұнайшылары – Салық Рысқалиев, Қадір Қожахметов, Төреғали Қадыров, Ғазиз Әбдіразақовты көруге болады.
1960 жылы желтоқсанда Түбіжіктегі крелиусты партияның Ғазиз Әбдіразақов бригадасы Өзен кен орнында «К-18» тайыз ұңғымасын қазуды бастап, 1961 жылы қаңтарда 367 метрден алғаш газ фонтаны атқылады. Сол жылы желтоқсанда бұрғылау шебері М.Кулебякиннің №1 ұңғымасынан 1248-1261 метрден сынақ кезінде Өзен кен орнында тұңғыш мұнай фонтаны атқылады.
Суреттер Жаңаөзен қалалық тарихи-өлкетану музейінен алынды.