Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылдық округінде жаңа аялдама ашылды, деп mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
Осыған дейін ауданда жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп жаңа жарақтандырылған аялдама салу жұмыстары басталған болатын. Қазір бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүріп жатыр.
Кезекті аялдама Сайын Шапағатов ауылының орталық көшесінде орналасқан. Аялдамамен жапсарлас дүңгіршіктен кофе, шай ішуге болады. Аялдама павильоны қыста жылы, жазда салқын болуы үшін қолайлы жағдай жасалған.
Аялдаманы жеке кәсіпкер Руслан Бағдатов өз қаражаты есебінен тұрғызды.