Кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында Ақтау қаласы полиция басқармасы қызметкерлері қала аумағындағы бірнеше жалпы білім беру мектептерінің 11 сынып түлектерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz МО полиция департаментіне сілтеп.
Қазіргі уақытта ҚР ІІМ жүйесінде төрт ЖОО жұмыс істейді:
• Алматы академиясы;
• Қарағанды академиясы;
• Қостанай академиясы;
• Ақтөбе заң институты.
Аталған білім беру орындары өз студенттеріне тегін тамақ, жатақханада тұру мүмкіндігін ұсынады. Сондай-ақ, нысанды киім үлгісі және шәкіртақымен қамтамасыз етеді.
Жоғары заңгерлік білім алумен қатар, жоғары оқу орындарының түлектеріне “полиция лейтенанты” арнайы атағы және міндетті жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі. Бұдан бөлек, оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі.
Іс-шара еркін форматта өткізілді. Жоғары сынып оқушылары қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан мардымды жауаптар алды.