2023 жылдың 11 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 10:00-ге дейін азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Тексеру кезінде электросирена арқылы «Баршаның назарына» дыбыстық сигналы косылады. «Баршаның назарына» дыбыстық сигналы–төтенше жағдай қаупі төнген жағдайда барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы. Сабырлық сақтауыңызды сұраймыз. Назарларыңызға рахмет, - делінген ТЖД хабарламасында.