Ақтау-Шымкент бағытында ұшуы тиіс болған жолаушылар авиакомпания рейстің неліктен кейінге шегеріліп жатқанын түсіндірмеген, деп хабарлайлы mangystaumedia.kz.
Жолаушылардың сөзінше ұшақ бүгін 15.15-те ұшуы тиіс болған. Рейс үш рет кейінге шегерілген. Адамдар 5 сағат күтіп қалған.
- Енді рейсімізді таңғы 6-ға ауыстырды. Ал біз қайда барамыз? «FlyArystan» компаниясының өкілдері кешігу себебін түсіндірмей, қашып жүр. Мұнда көбі балалармен, мүмкіндігі шектеулі және қарттар да тұр. Бұл бірінші жағдай емес, мұндай масқара қашанғы жалғаса береді, - дейді жолаушы Нұржамал Төлебаева.