Өңірде «Halyk bank» АҚ-ның 100 жыл толуына орай «100 игі іс» ауқымды акциясы аясында мәдени-әлеуметтік іс-шаралар ұйымдастырылды,- деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық Коммуникация орталығына сілтеме жасап.
- Былтыр мұндай фестиваль Алматыда өтті және көрермендер тарапынан оң пікірлерге ие болды. Фестивальдың негізгі мақсаты — әртүрлі музыкалық жанрлар мен бағыттарды біріктіру және қонақтар үшін өнерді басқа қырынан ашу. Бұл фестиваль Халық банкінің 100 жылдығына арналған. Сондай-ақ,белгілі композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығымен қайта таныстыру. Кеш қонақтарына жақсы көңіл күй сыйлаймыз деген ойдамын,- деді Маңғыстау облыстық «Halyk» банк директоры Нұрлыбек Ержігітұлы.
Аталған шараға арнайы шақыртумен Астана, Алматы, Өскемен қалаларынан өнерпаздар келді. Түрлі аспапта ойнап, Шәмші Қалдаяқовтың әндерін шырқады.
- Халық банкінің 100 жылдығына орай арнайы шақыртумен келдік. Маңғыстау облысының көрермендеріне Шәмші ағамыздың туындыларын қайта жаңғыртып, ерекше әсер қалдыру,- деді Астана опера группасының директоры Азамат Жылтыргөзөв.