Оқырмандардың хабарлауынша Ақтау әуежайына бомба қойылды деген хабар түскен. Қазір әуежай аумағында полиция жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау-Алматы бағытындағы рейс жолаушысының айтуынша құзырлы органдарға әуежай аумағына бомба қойылғаны туралы ақпарат түскен.
- Ұшып кетушілерді қонақ үйге орналастырды. Күтіп отырмыз. Полиция жұмыс істеп жатыр, - дейді оқырман.
Қазір ұшып кетушілер нысан маңына кіре алмай тұр. Әзірге рейс 40 минутқа шегерілген.
- Әзірге ақпараттың рас, өтірігін білмейміз. Құзырлы органдар жұмыс істеп жатыр, - деді Ақтау халықаралық әуежайының директоры Меруерт Жолдыбаева.
Редакция МО полиция департаментінен ресми мәлімет күтіп отыр.