14 наурыз - Амал мерекесіне орай «Адай ата-Отпан тау» кешеніне қонақтар үшін арнайы автобус қатынайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
13 наурыз күні сағат 11:00-де Ақтау қаласының тұрғындары үшін «Нұрплаза» қонақ үйінің алдынан Ақтау-Отпан бағытында маршрут жүреді. Автобустар кері бағытта сағат 21:00-де автотұрақ алаңынан қозғалады. Сондай-ақ, 13 наурызда Жаңаөзен-Отпан бағытында сағат 11:00-де ФОК алаңында автобус жүреді. Автобус 21:00-де автотұрақ алаңынан Жаңаөзенге кері қайтады.
14 наурыз күні сағат 08:00-де Ақтау қаласы «Нұрплаза» қонақ үйінің алдынан Ақтау-Отпан бағытында автобус қозғалады. Автобус сағат 15:00-де автотұрақ алаңынан Отпан-Ақтау бағытында кері қарай жүреді.
Жаңаөзен қаласының тұрғындары үшін 14 наурыз күні сағат 08:00-де ФОК алаңы Жаңаөзен-Отпан бағытында автобус қозғалады. Кері қарай автотұрақ алаңында сағат 15:00-де Отпан-Жаңаөзен бағытында маршрут жүреді.
Сондай-ақ, 13 наурыз күні сағат 04:30-де Бейнеу-Маңғыстау, 05:11-де Алматы-Маңғыстау, 07:22-де Семей-Маңғыстау, 07:36-да Атырау-Маңғыстау пойызымен келетін қонақтар үшін Шетпе-Отпан бағытындағы 2 автобус жүреді. Қонақтарды автобус вокзалда күтетін болады.