Бас директор Нұрдәулет Қилыбай екі жасар Дінмұхаммед Таңатардың тұсауын кесіп, көлік сыйға тартып, қадамына құт тіледі.
– Орталықтықтың екі жылда жеткен жетістігі өте жақсы. Мұнайшылар ұрпақ денсаулығы мен болашағы жолында қозғаушы күш болғанына қуаныштымын. Игі істің арқасында бүгін міне 31-ші балапанның тұсауы кесілді. Дінмұхаммедті Алматыға жол түссе, Қонаев атасының басына апарсам деймін, – деді бас директор.
82 жастағы Зияда әже денесінің сол жақ бөлігі әлсіз, тепе-теңдікті ұстай алмаған немересінің аяққа тұруына себепкер болған барша жанға алғысын айтып, ризашылығын жеткізіп, ақ батасын берді.
Шара соңында бас директор орталықтың жұмыс процесі, ем кабинеттері және қолданыстағы құрал-жабдықтардың жай-күйімен танысты.