Орталықта психикалық дамуы тежелген балаларға да тегін медициналық көмек көрсетіліп, логопед, психолог, эрготерапевт мамандары жұмыстанады.
Екі рет емдеу курсынан өтіп, тілі шыққан жеті бала құрметіне тілашар шарасы ұйымдастырылды. Тақпақ айтып тақылдаған балапандарға көпшілік тарапынан қошемет көрсетілді.
Бас директор Нұрдәулет Қилыбай оларға «LEGO» құрастырғыш ойыншығын сыйлады.
Әке-шешелер атынан сөз алған Нұргүл Құлдашева ұлы Олжастың сөздерді анық айта бастағанын жеткізіп, сауапты істі жүзеге асыруға мұрындық болған мұнайшылар мен мамандарға шексіз алғысын білдірді.