АҚШ-та пауэрлифтингтен өткен Әлем чемпионатында маңғыстаулық спортшы Арслан Сүйіншалиев алтын медаль алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ұл Арслан Сүйіншалиевтың спорттық мансабындағы алғашқы алтын жүлдесі. Сонымен қатар, бұл додада өңір спортшылары Аскар Шоқанов күміс, Жадыра Бермуханбетова қола жүлде иеленді. Жарысқа 46 мемлекеттен 960 спортшы қатысты.
Байрақты бәсекеден жүлдемен оралған спортшыларды маңғыстаулықтар Ақтау әуежайынан сән-салтанатпен күтіп алды.
Әлем чемпионаты Техас штатының Остин қаласында 22 мамыр - 1 маусым аралығында өтті.
Айта кетейік, Арслан Сүйіншалиев Маңғыстау облысының парапауэрлифтингтен аға жаттықтырушысы. Ол осы спорт түрінен параспортшыларды жаттықтырады.