Маңғыстау облысындағы екі күндік жұмысының нәтижесінде Respublica партиясының мүшелері 5 мыңнан астам адам қатысқан кездесулер өткізді. Бұл ретте 1000 шақты адам партия қатарына өтуге өтініш білдірген.
Маңғыстау облысындағы сайлауалды турдың екінші күнінде Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров OSS Kazakhstan мұнай кәсіпшілігі кәсіпорны ішінен бастауыш партия ұйымын құру туралы келісімге қол қойды. Бұл партия дамуының маңызды кезеңі болмақ. Жаңадан құрылған БПҰ-ның негізгі міндеті – облыстың білім беру мүмкіндіктерін кеңейту және өндіріспен тығыз байланыста жоғары кәсіби кадрлар даярлау.
Бүгін Ақтауда «OSS Kazakhstan» ЖШС кең ауқымды мұнай кәсіпшілік жабдықтарын шығаратын компания өкілдерімен партия мүшелерінің кездесуі өтті. Компания қазақстандық «Ұлы Дала» холдингі мен сингапурлық OSS Strategic Holdings арасындағы бірлескен кәсіпорын болып табылады. «OSS Kazakhstan» ЖШС қызметі Қазақстанның және ТМД елдерінің мұнай-газ секторындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Жиын нәтижесінде кәсіпорын базасында Respublica бастауыш партия ұйымын құру туралы келісімге қол қойылды. Оның басшысы болып серіктестіктің бас инженері Еркен Оспанов тағайындалды. Бұл - Respublica партиясының тиісті өңірлік бөлімшелерінің құрылымындағы тұңғышы. Оның негізгі міндеттерінің қатарында білім беру мүмкіндіктері мен жалпы адами капиталды дамытуға бағытталған партияның бағдарламалық нұсқауларын жүзеге асыру бар. Партия елдегі ғылым мен жоғары білімді дамыту шаруашылық субъектілерінің қатысуымен жүзеге асуы керек, ал кадрларды дайындау нарықта жұмыс істейтін кәсіпорындармен тығыз байланыста жүргізілуі керек деп есептейді.