Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды табыстау рәсімінде сөз сөйлеп, әлемдегі күрделі жағдай туралы айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
- Қазір әлемде қандай күрделі жағдай бар екенін көріп отырсыз. Бұл ретте көптеген беделді халықаралық сарапшылар Қазақстанды әлемнің бесігі деп атайды. Бүгінде еліміз өңірлік мәдени-рухани орталыққа айналды. Биылғы жылы шетелдік шығармашылық ұжымдар 200-ден астам мәдени іс-шара өткізді. Бұл біздің еліміздегі тұрақтылық пен тыныштықтың жарқын көрсеткіші, басқалар үшін үлгі деп айтуға болады. Өйткені, тұрақтылық пен тыныштық жоқ елге ешкім ұмтылмайды, - деді ол.
Президент бейбітшілік пен келісімді елдің басты байлығы деп атады.