Ұлттық статистика бюросы елде Қазақстан және Республика есімді қанша адам бар екенін айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Tengrinews.kz сайтынп сілтеме жасап.
Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігі Ұлттық статистика бюросы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда Республика есімді адам жоқ. Дегенмен 31 адамға Казахстан немесе Қазақстан деген есім қойылған. Олардың біреуі – әйел, қалғаны – ер адамдар. Мұндай есімі бар сегіз адам Ақмола облысында, жетеуі Қарағанды облысында, бесеуі Астанада, үшеуі Қостанай облысында, екеуі Шымкент пен Маңғыстау облысында тұрады. Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір-бірден.