Энергетика министрлігі еліміздің жер қойнауын пайдаланушылар бюджетке қанша салық төлегенін жария етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Энергетика министрлігіне берілетін лицензиялық-келісімшарттық шарттардың орындалуы туралы есептерге сәйкес, 2022 жылы жер қойнауын пайдаланушылар бюджетке 13,3 трлн теңге, 2023 жылы 11,7 трлн теңге сомасына салық төледі. Төлемдердің төмендеуі әлемдік нарықтың баға конъюнктурасына, қарапайым сөзбен айтқанда, мұнай бағасының өзгеруіне байланысты», - деп атап өтеді министрліктен.
Ведомство ұсынған дерекке сәйкес, соңғы 2 жылда Қазақстан бюдетіне ең көп салық төлеген 5 компания мыналар:
- Теңізшевройл;
- Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.;
- Өзенмұнайгаз;
- Маңғыстаумұнайгаз;
- Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.