Тәуелсіздік күні тойланатын желтоқсан айы кәсіби мерекелерге де бай, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ұлттық мереке Тәуелсіздік күні 16 желтоқсанда тойланады. 1991 жылдың дәл осы күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Биыл 16 желтоқсан сенбіге сәйкес келгендіктен бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін қазақстандықтар 18 желтоқсанда да демалады.
Ал желтоқсанның 6-сы – прокуратура қызметкерлерінің кәсіби мерекелесі. 1991 жылдың дәл осы күні Жоғарғы Кеңес Президиумының «Прокуратура органдарының біртұтас жүйесін құру туралы» қаулысы шықты.
Ал 17 желтоқсан – Энергетиктер күні. Бұл мереке әр желтоқсанның үшінші жексенбісінде тойланады.
Курьерлік қызмет күні (бұл әскери курьерлік қызмет) 20 желтоқсанда атап өтіледі. Бұл қызмет 1991 жылы мемлекеттік биліктің жоғары органдары, мемлекеттік органдар мен жоғары әскери қолбасшылық арасындағы сенімді байланысты қамтамасыз ету үшін құрылған.
Ал 22 желтоқсанда архив қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бұл күн 2020 жылы мерекелер тізіміне енді.