Қазақстандық қолданушылар үкіметтік мекемелердің сайттарына кіре алмай қалды. Тек Ақорданың ресми ресурсы мен ұзақ уақыттан кейін ашылатын prememinister.kz сайты қолжетімді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облысы әкімдігінің сайты да қате туралы хабарлама шығарып тұр.
ҚР Цифрландыру министрлігінің мәліметінше, бұған мемлекеттік органдардың Gov.kz интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының дұрыс жұмыс істемеуі себеп болып отыр.
«Қазіргі таңда Gov.kz мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары бірыңғай платформасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сайт жақын арада қолжетімді болады», - делінген хабарламада.