«Зенит» зауыты Түркияның Әскери зауыттар және кеме жөндеу департаментімен (ASFAT) қазақстандық флот үшін әскери кемелер жасау туралы келісімге қол қойды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты petrocouncil.kz telegram арнасына сілтеме жасап.
«Келісім Қазақстан флотына арналған теңіз көліктерін, коммерциялық кемелерді және негізгі әскери кемелерді жобалау мен салуға бағытталған», - деп хабарлайды Түркияның Defence Turk басылымы.
IDEF-2023 16-халықаралық қорғаныс өнеркәсібі көрмесінде METEKSAN және Қазақстан инженерлік зерттеулер мен әзірлемелер орталығы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.