ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің мәліметінше, бүгін балаларды 1-сыныпқа қабылдау науқаны аяқталды. Балалар бірінші сыныпқа ата-анасының немесе оқушының заңды өкілінің жеке өтініші негізінде 6 жастан бастап қабылданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталған. Төрт айда 350,5 мыңнан астам өтініш түскен. Бірінші сыныпқа қабылданған балалардың 71 пайыздан астамы қазақ тілінде оқытатын мектепті таңдаған. Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады.