
Бұл туралы Мемлекет басшысы Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2023 форумында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы 5G желісін толық көлемде енгізуді инновацияны дамытуға тағы бір қуатты серпін деп атады. Президент бұл үдеріс Қазақстанда қазірдің өзінде қолға алынғанын атап өтті.
"Бұған дейін 2027 жылға қарай барлық облыс орталықтарын жаңа буындағы ұялы байланыспен қамту мақсаты қойылса, технологияның қарқынды дамуы жағдайында бізге жеделдетіп, шындап қарқын алу керек. Үкімет бұл жұмысты мерзімінен бұрын – 2025 жылдың аяғына дейін аяқтауы керек", – деп тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев.