© Архив
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы шілдеде құзырлы органдарымен бірлесіп, Каспий акваториясында 39 браконьерлік фактінің алдын алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның ішінде 27 дана жүзу құралдары,
жалпы ұзындығы 16,2 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары бар.
Сонымен қатар:
12 дана (4,5 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
3 481 дана (9 723 кг) таза тұқымдас балықтар;
82 дана суда жүзетін тасбақалар;
12 дана суда жүзетін құстар;
1 дана каспий итбалығы.
Алды алынған залал сомасы 42,5 млн теңгені құрайды.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.