Қазақстандағы коммерциялық банктер су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға кредит төлеу мерзімін кейінге шегереді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты zakon.kz сілтеме жасап.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, мұндай шешім президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан соң қабылданған.
Банктер мына қолдау шараларын көрсетуге дайын:
1. 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 маусымына дейінгі кезеңде жергілікті атқарушы органдардың тізімі бойынша су тасқынынан зардап шеккендер қатарына жатқызылған қарыз алушылардың кредитті өтеу мерзімін ұзарту.
2. 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 маусымына дейінгі кезеңде су тасқыны салдарынан қаржылық жағдайы нашарлаған қарыз алушыларға төлемді уақтылы төлемегені үшін айыппұл мен өсімпұл есептелмейді.
3. Су тасқыны салдарынан шаруашылық қызметiнiң бұзылуына әкелген жеке кәсiпкерлер мен шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кредит мiндеттемелерiн орындауды кейiнге қалдыру.
"Шегеру шараларын қолданудың нақты тетіктерін, соның ішінде тиісті өтініштерді беру және реттеуге келмейтін жағдайлардың туындауын растайтын құжаттарды ұсынуды әрбір банк өз бетінше белгілейді", - дейді қауымдастық.