Халықаралық форумға шетелдік туроператорлар, қонақ үй иелері, инвесторлар мен туристік агенттіктердің басшылары қатысты. Олар Қазақстандағы туризмнің жоғары әлеуетін атап өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мысалы, Кувейттен келген туристік фирманың басшысы мен иесі бірнеше жылдан бері Rixos қонақ үйімен тығыз жұмыс істеп келе жатыр. Тіпті, Кувейттен Қазақстанға туристерді тарту үшін Қазақстан Республикасының үкіметімен келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
«Қазір біз әуе тасымалдаушыларымен Кувейттен Ақтауға немесе Қазақстанның басқа қалаларына чартерлік рейстер ашу туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Келіссөздер нәтижесінде 120-ға жуық азаматымыз апта сайын сіздің елге келеді деп жоспарлап отырмыз», - деді халықаралық форумда Кувейт өкілі.
Иран мен Сауд Арабиясының туристік фирма басшылары да Қазақстанды, атап айтқанда, Ақтауды туристер үшін өте перспективалы бағыт деп санайды. Олар Ақтаудың қызық әрі ерекше қала екенін, яғни басқа елдерден келген саяхатшыларға міндетті түрде ұнайтынын айтты. Ал Түркиядан келген туроператорлардың өкілдері туристерді тарту бойынша қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасуға дайын.