Сол жылы Президент лауазымына 4 кандидат таласты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сол уақытта кезек бойынша келесі сайлау 2012 жылы өтуі керек еді. Бірақ 2010 жылы республикалық форумның делегаттар тобы сол кездегі мемлекет басшысының өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту туралы референдум өткізу туралы бастама көтерді. Бұл бастаманы сол уақыттары парламент депуттарыры қызу қолдады. Референдумды қолдау үшін 5 миллионға жуық қол жиналды. Бірақ президент тиісті заңға қол қоюдан бас тартты. 2011 жылы Парламент депутаттары Конституцияға референдум өткізуге және Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзартуға санкция берген түзетулер қабылдады. Бұл ретте Президент заңға тағы да қол қоймады. Сонымен қатар, Конституциялық сот түзетулерді Конституцияға сәйкес емес деп таныды. Осыдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді ұсынды. 2011 жылдың ақпан айында Парламент депутаттары Конституцияға кезекті түзетуді қабылдады. Бұл Мемлекет басшысына кезектен тыс президенттік сайлау тағайындауға мүмкіндік берген болатын.
Содан кейін кезектен тыс сайлау 2011 жылдың 3 сәуірінде өтті. Сол жолы Нұрсұлтан Назарбаев 95,55% дауыс жинап, нәтижесінде ел президенті болып қайта сайланды. Екінші орынды Парламент сенаторы Гани Қасымов (1,94%), үшінші орынды Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы Жамбыл Ахметбеков (1,36%), төртінші орынды "Табиғат" экологиялық ұйымының көшбасшысы Мэлс Елеусізов - 1,15% иеленген болатын.
Еліміз бойынша азаматтардың саяси науқанға қатысу көрсеткіші 89,99% құрады.