Оның орнын QR-ға ауыстыруға тура келеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Express K сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан электрондық цифрлық қолтаңбадан (ЭЦҚ) толығымен бас тартуды жоспарлап отыр. Жақында ел тұрғындары QR арқылы барлық құжаттарға қол қоя алады. Жаңашылдықтар туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында хабарлады.
"QR арқылы қол қою механизмі қазірдің өзінде дайын, бұл ыңғайлы, әрі қауіпсіз. Оны барлық порталдарға енгізу ғана қалды. Мен бұл жұмысты жандандырып, NCALayer-тен мүлдем бас тарту туралы тапсырма бердім", - деді министр.
Сондай-ақ Бағдат Мусин азаматтардың қажетті құжаттарды алуына қатысты мәселелер көтерілгенін айтты.
«ХҚО-ға қайтып келтірмей, халыққа электронды түрде қызмет уақытында көрсетілетін болады», - деп жазды Б.Мусин.
Сондай-ақ жақын арада емханаға қосылу процесін толық автоматтандыру жоспарлануда. Өтініштерді қолмен қарау енді болмайды, жүйенің өзі барлығын тексеріп, тіркейді, көшкен кезде адамға жаңа тұрғылықты жері бойынша емхана ұсынылады.
Министрлік сонымен қатар тіркеу мекенжайын алмастыру сияқты деректерді өзгерту процестерін жеңілдету туралы ұсынысты қарастырды. Бұл қызмет банктік қосымшаларда қолжетімді болады, тек техникалық іске асыру ғана қалады.