Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді ұсынды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы президенттік мерзімдердің ең көп санын екіден бір мерзімге дейін қысқартуды, ал президенттік мерзімін бес жылдан жеті жылға дейін ұлғайтуды ұсынды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Республика Президенті лауазымына 12 кандидат ұсынылды:
Қасым-Жомарт Тоқаев - саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің халықтық коалициясынан;
Жигули Дайрабаев - "Ауыл" партиясы;
Мейрам Қажыкен - "Аманат "Қазақстан кәсіподақтар Достастығы" ӨКМ;
Нұрлан Әуесбаев - Жалпыұлттық әлеуметтік-демократиялық партиясы;
Қарақат Әбден - "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" РҚБ;
Салтанат Тұрсынбекова - "Қазақ аналары – дәстүрге жол" РҚБ;
Талғат Ерғалиев - "Қазақстан құрылысшылар одағы" заңды тұлғалардың республикалық бірлестігі;
Нұржан Әлтаев - "Мұқалмас" РҚБ;
Жұматай Әлиев - "Халық демографиясы" ҚБ;
Хайрулла Ғабжалилов- "Асар "оралмандар бірлестігі" РҚБ;
Бақыт Жаңабаев - "Қазақстан футбол әуесқойлары лигасы" ҚБ;
Фатима Бизакова - "Практикалық психология" РҚБ.
Үміткерлерді ұсыну 2022 жылдың 11 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталды. Үміткерлерді тіркеу 2022 жылдың 21 қазанына дейін жалғасады және сол күні сағат 18.00-де аяқталады.
Бүгінгі таңда ОСК Қасым-Жомарт Тоқаев, Жигули Дайрабаев, Қарақат Әбден, Нұрлан Әуесбаев, Жұматай Әлиев, Мейрам Қажыкен, Салтанат Тұрсынбекова және Бақыт Жаңабаев президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптарға Конституциямен және "Сайлау туралы" Конституциялық заңмен сәйкес келетіндігін анықтады. Қалған үміткерлерді тіркеуден бас тартылды.
21 қазаннан бастап кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті басталып, 2022 жылғы 19 қарашада сағат 00:00-де аяқталады. Осы уақыттан бастап "тыныштық күні" жарияланады. 20 қараша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жергілікті уақыт бойынша дауыс беру күні өтеді. Сайлау нәтижелері 27 қарашадан кешіктірілмей жариялануы керек.