2005 жылы 4 желтоқсанда Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық кезекті сайлауы өтті. Сайлауға бес үміткер қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Нұрсұлтан Назарбаевтың бәсекелестері «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының жетекшісі Жармахан Тұяқбай, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Әлихан Бәйменов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерасыл Әбілқасымов және «Табиғат» экологиялық ұйымының жетекшісі Мэлс Елеусізов болды. Дауыс берушілердің үлесі 77,1 пайыз болды. Сайлау нәтижесі бойынша Нұрсұлтан Назарбаев 91,15 пайыз дауыс жинады.
Сол жылы Қазақстандағы президенттік сайлау тарихында алғаш рет тікелей эфирде теледебат өтті.