Ranking.kz сарапшылары есептеу үшін 260 мың теңге жалақыны және 55-60 м² пәтердің ай сайынғы түбіртек сомасын - 16-18 мың теңгені пайдаланды. Олар елдегі коммуналдық ақыны ТМД және Орта Азия елдері арасындағы ең төмен баға екенін көрсетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Қазақстандағы коммуналдық төлемдер таза жалақының 9,7%-ын құрайды (барлық салықтар мен шегерімдерді алғанда).
«Яғни, олардың ақысын төлеу бір адамға да қымбат емес. Әдетте отбасылар осындай көлемдегі пәтерлерде тұрады, ал мұндай отбасылардың екі мүшесі де жалақы алады», - деп атап өтті Ranking сарапшылары.
Рейтингте екінші орында тұрған Беларусьте коммуналдық қызметтер жалақының 10,4%, Өзбекстанда - 11,9%, Әзірбайжан мен Грузияда - 14%, Ресей, Литва және Эстонияда – 16%-дан астам, Арменияда – қазірдің өзінде 18%, Украинада – 21,7%, ал Латвияда – 29,6%-ын құраған.
Жалпы әлем бойынша Пәкістандағы коммуналдық төлемдер жалақының 46,3%-ын алады. Филиппин (28,9%), Грекия (23,6%) және Сербияда (22,6%) болса орташа деп бағаланған.